«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақ-түрік лицейлері 1 айдың ішінде тексеріледі - ҚР Білім министрлігі

Қазақ-түрік лицейлері 1 айдың ішінде тексеріледі - ҚР Білім министрлігі
ашық дереккөз
Қазақ-түрік лицейлері 1 айдың ішінде тексеріледі - ҚР Білім министрлігі
Жұмыс тобы бір айдың ішінде қазақ-түрік лицейлеріне аудит жүргізуі тиіс. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына жауап берген ҚР Білім және ғылыми министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Әлібекова мәлім етті. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта жұмыс тобы  тексеруге тиісті мәселелердің тізілімі жасалуда. Аталған жұмыс тобының құрамына министрліктің білім саласына мемлекеттік бақылау қызметін жүзеге асыруға өкілетті өкілдері мен басқа да мүдделі тараптар кіреді. Олар оқу орындарының білім беру қызметінің білім саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін анықтауы тиіс. «Оқу орындарына қатысты мемлекеттік бақылау шаралары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген мерзім шегінде жүргізілетін болады және отыз күннен аспайды. Тексеру нәтижесінде білім беру ұйымы қызметінің заңнама талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім қабылданады», - деп хабарлады министрліктен. Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні Ыстамбұлда әскери бүлік орын алып, бұл көтерілісті «Түрік Қарулы күштеріне еніп алған Фетxуллаxшыл лаңкестік ұйымы ұйымдастырды» деп жарияланды. Осыған орай, Қазақстанда қоғам арасында KATEV қорымен құрылған Қазақ-Түрік лицейлерінің тағдыры тақырыбы қызу талқыға түсе бастады. Ал 5 тамызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға сапары барысында Қазақстандағы түрік лицейлерінің жұмысын Қазақстан мен Түркия білім беру министрліктерінің мамандарынан құрылған бірлескен жұмыс тобы тексеретіндігін мәлім еткен еді. Сәл кейінірек ҚР Білім және ғылым министрлігінде Фетхуллах Гюленмен байланысының бар-жоғын анықтау үшін қазақ-түрік лицейлерін тексеретін жұмыс тобының құрылғандығын ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. «Президенттің тапсырмасына сәйкес, БҒМ жұмыс тобы құрылып, жұмысын бастады. Біз түрік тарапымен байланыста жұмыс істейміз. Алайда бұл оқу үдерісіне қатысы жоқ. Бұл біздің қазақстандық мектептер және олар қатаң тәртіпте еліміздің стандарттарымен қызмет етуде. Біз бұл лицейлерді бірнеше мәрте тексерген едік. Оларға қатысты ешқандай наразылық жоқ. Бұл тұрғыда лицейлер бұрынғысынша жұмыстарын жалғастырады», -деді министр.  

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар