Жаһан
Қазақстандық жүргізушілерге арналған жаңа емтихан билеттері 3D форматында жасалды
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2016
- 329
Қазақстандық жүргізушілерге арналған жаңа емтихан билеттері 3D форматында жасалды
Қазақстанның барлық ХҚКО-ларында жаңа емтихан базасы енгізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің берген жауабында айтылады.
"Бүгінге дейін барлық мамандандырылған ХҚКО-да теориялық емтихан қабылдауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 13 қарашасындағы қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жаңа сұрақтар енгізілді", - деп хабарлады ІІМ ӘПК өкілдері. Жаңа емтихан сұрақтарын ҚР ІІМ Әкімшілік полициясының қызметкерлерінің ойластырғаны және бюджеттен қаражаттың жұмсалмағаны айтылады.
"Жаңа емтихан билеттері 3D форматында жасалды. Жүргізушілерді дайындау ЖҚЕ талаптарына сай жүзеге асырылады", - делінген ӘПК жауабында. Ведомство өкілдері барлық оқу ұйымдарының эмтихан билеттерінің жаңартылғаны жөнінде хабарланғанын айтып отыр. Иллюстрацияларды Safety Driving компаниясы ұсынды
Еске салайық, 7 маусымнан бастап елімізде автомектептерде оқымай-ақ жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі пайда болды. Үміткерлер арнайы ХҚКО-ларда емтихан тапсыруы тиіс. Қазақстанда жүргізуші куәліктерін беру және автокөлікті тіркеудің Ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Азаматтар өз бетінше дайындалып, А, А1, В, В1 категорияларындағы куәліктерге емтихан тапсыра алады. Жүргізуші куәліктері тұрғылықты мекен-жайсыз арнайы ХҚКО-ларда емтихан тапсырып, алуына мүмкіндік жасалды. Әкімшілік полиция өкілдерінің айтуынша, емтихан тапсыру процедурасы бұрынғы қалпында қалды және етеориялық және практикалық екі кезеңнен тұрады.
Айта кетейік, жүргізуші куәліктерін автомектептерде оқымай-ақ алу мүмкіндігі жайлы хабар биылғы наурызда белгілі болған. Алайда сарапшылар бұл жаңалықтың жолдардағы жағдайды қиындатуы мүмкін екенін айтқан еді.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді