Биыл жол-көлік апатынан 52 бала қаза тапқан
Биыл кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен 1 372 жол оқиғасы тіркеліп, 52 бала қаза тапқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мектепке жол» жыл сайынғы жалпы республикалық акциясының басталуы» деген тақырыпта өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Әсет Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«2016 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың қатысумен 1372 жол оқиғасы болған. Оның ішінде 52-сі қаза тапқан. Қалғандары жарақат алған», - деді комитет төрағасы.
Айта кетейік, биыл 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бастамасымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткiзiледі. Жыл сайын дәстүрлi түрде ұйымдастырылатын шара осымен 9-шы рет қолға алынып отыр.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




