Қазақстанның мың жарымнан астам ауылында мектеп жоқ
Қазақстанда 1500-ден астам ауылда жалпы білім беру мектептері жоқ. Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мәншүк Әбдікәрім хабарлады.
«Жергілікті атқарушы органдар оқушылардың мектепке қатынауын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлгені жөн. Бүгін біздің елімізде мектебі жоқ 1523 ауыл бар. Ол жерде 27 мыңнан астам бала тұрып жатыр», - деді М.Әбдікәрім ОКҚ өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, ол мектептерде оқушыларды тамақтандыру мәселесін ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




