Жаһан
Мектепте смартфонға тыйым салу мәселесін ата-аналармен талқылау қажет - министрлік
- author «Ақ жол»
- 1 тамыз, 2016
- 681
Мектепте смартфонға тыйым салу мәселесін ата-аналармен талқылау қажет - министрлік
Бұған дейін отандық прокурорлар мектепте смартфондарға тыйым салу мәселесін көтерген болатын. Олардың айтуынша, оқушылар тек қоңырау шалу және смс-хабарламаны жазу функциясы бар ұялы телефондарды ғана ұстауы тиіс. Бұдан бөлек, мектеп мұғалімдері де смартфонды қолданбауы шарт. Себебі бұның барлығы білім беру процесіне кері әсерін тигізіп отыр. Білім және ғылым министрлігі осы бастаманы алдымен ата-аналармен бірге талқылап шығу қажет деп санайды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Меніңше, бұл бастама әлі де зерделенеді. Бүгінде біз үшін қоғамның пікірі маңызды. Сол себепті бұл мәселелер ата-аналар жиналыстарында кеңінен талқыланатын болады. Соның нәтиже бойынша белгілі бір ұсыныстар даярланады. Осыдан кейін нақты бір шаралар қолға алынады», - деді Мәншүк Әбдікәрім бүгін Орталық коммуниакциялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
«Меніңше, мектепте, сабақта смартфондарды қолдануға тыйым салу қажет. Себебі балалар білім алуы тиіс. Бірақ бұл – менің жеке пікірім. Аталған мәселе ата-аналар арасында да, мектеп мұғалімдері арасында да, оқушылар арасында да талқылаудан өтуі керек», - деп атап көрсетті М.Әбдікәрім.Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




