Жаһан
Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді
- author «Ақ жол»
- 1 тамыз, 2016
- 673
Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді
Қазақстанда 2016-2017 оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұйрықпен мына жерде таныса аласыз.
Бұйрыққа сәйкес, орта білім беретін ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Ол күні Қазақстанның Тәуелсіздігіне және ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Сондай-ақ, оқу жылының алғашқы күні барлық мектепте патриоттық "Мәңгілік ел" актісінің аясында "Мен өз елімнің патриотымын!" сабағы өткізіледі.
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу жылы 32 аптадан тұрады. Ал бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) cынып оқушылары 34 апта оқиды.
1-11 (12) сынып оқушыларының демалыс кестесі:
а) күзгі демалыс - 7 күн (31 қазаннан 2016 жылдың 6 қарашасын қоса есептегенде);
ә) қысқы демалыс - 10 күн (2016 жылдың 30 желтоқсанына бастап 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін);
б) көктемгі демалыс - 13 күн (21 наурыздан 2017 жылдың 2 сәуіріне дейін).
Мектепке дейінге мекемелерде:
а) күзгі демалыс - 7 күн (31 қазаннан 2016 жылдың 6 қарашасын қоса есептегенде);
ә) қысқы демалыс - 14 күн (2016 жылдың 26 желтоқсанынан 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін);
б) көктемгі демалыс - 15 күн (2017 жылдың 21 наурызынан 4 сәуірді қоса есептегенде).
Айта кетейік, мектеп алды және бірінші сыныптарға тағы қосымша жеті күндік демалыс беріледі - 2017 жылдың 1 ақпанынан - 7 ақпанға дейін.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




