Мысырда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Берік Арын Мысыр Араб Республикасының Мәдениет министрі Хельми Намнаммен кездесіп, екі ел арасындағы мәдени байланыстардың кеңейту жолдарын талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Тараптар Каир қаласында үстіміздегі жылдың қазан айына жоспарланған Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы шеңберінде Қазақстанның Мысырдағы мәдениет күндерін өткізуге келісті.
Сонымен қатар, әлемде болып жатқан ахуал туралы пікір алмасып, мәдениеттер алуандығы дағдарысына байланысты соңғы жылдары діни экстремизм мен халықаралық лаңкестік қауіп-қатерлердің өскені атап өтілді.
Осыған байланысты елші сұхбаттасушыға көпұлтты Қазақстанның тәжірибесін мысалға келтіріп, елімізде әртүрлі мәдени және діни өкілдердің тату-тәтті бейбіт өмір сүретіндігі және оның саяси тұрақтылығына, дамуына жұмыла үлес қосатындығы туралы хабарлады. Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы туралы, сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен қауіпсіздікті, дінаралық және мәдениетаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, ЮНЕСКО-ның 2013-2022 жылдары аралығына арналған мәдениеттердің жақындасу онкүндігі секілді халықаралық бастамалары туралы айтып берді.
Мысырлық министр Қазақстанның халықаралық бастамаларына және ішкі даму тәжірибесіне жоғары баға берді. Оның пікірі бойынша, қазіргі таңда көптеген елдер діни және этникалық қақтығыстардан зардап шегуде. Сондықтан Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы модель құрудағы қоғамның бейбіт өмір сүру тәжірибесі басқа елдерге үлгі бола алады деген ой білдірді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Атыңнан айналайын, Әулиеата
- 23 сәуір, 2026
«Сұлтан Бейбарыс» – қайсарлық пен қажымас жігердің үлгісі
- 21 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




