Алматыда жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды
Алматыда жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Мәйіт шамамен 11.00-де Есентай өзенінен табылған. Денені сүңгуірлер алып шықты. Оқиға орнында ТЖ, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оның киімінде құжаттары табылған. Сафар Шәкеевтің өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
© Владимир Прокопенко
© Елнұр Жүнісов Полициядағылардың айтуынша, іздестіру жұмыстары әл-Фараби даңғылының маңында ғана емес, қала бойында жүргізілген. Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.
Сафарды іздестіру жұмыстарына еріктілер қосылған еді.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




