Астаналық инженердің өнертабысына Америкадан тапсырыс түсті
- author «Ақ жол»
- 26 шілде, 2016
- 679
Астаналық инженер Евгений Щербатовтың өнертабысы кеңінен танымал болды. Оның ойлап тапқан трекеріне Сан-Францискодағы Аутист-балалар қауымдастығынан үлкен тапсырыс түсті.
Сондай-ақ еліміздің компаниялары да сұратып жатыр, деп хабарлайдыBNews.kz. 
«Мангуст» трекері өте берік: сынбайды және су астында да жұмыс істейді, энергияға тиімді (бір рет толтырған қуаты 20 күнге дейін жетеді), өте ықшам, қауіпсіз. Әлемнің ұялы байланыс бар кез-келген жерінде жұмыс істейді. Жоғары дәлдікке ие. Бұған дейін жасалған GPS-жүйелеріне қарағанда, сауда орындары мен жертөлелерде координаттарды жоғары дәлдікпен жеткізеді. Қарапайым, сол себепті де мүгедек жандар да пайдалана алады
Қазір Сан-Франциско қаласындағы Аутист-балалар қауымдастығынан үлкен көлемде тапсырыс бар. Ал елімізде сәлемдемелердің жеткізілуін қадағалап отыру үшін «Қазпошта» АҚ құралға тапсырыс берген. Бұл отандық GPS-қауіпсіздік жүйесі тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық нарықта бірегей өнім болып табылады.

Жобаның құны – 18,8 млн теңге. Оның 90%-дан астамын, яғни 17,7 млн теңгесін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қаржыландырған.
Бір кезде баласынан көз жазып қалған Евгений Щербатовқа өміріндегі сол ұмытылмас оқиғасы осынау құралды жасауына түрткі болған. Трекер жаппай саудаға шығарылмаса да, қазірдің өзінде өзі секілді ата-аналар қызығушылық танытқан. Евгенийдің айтуынша, «Мангуст» құралын жасауға 600-ден астам адам өтініш берген, деп хабарлады ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




