Жаһан
Атыраудың жеті жастағы тұрғыны екі жасар сәби қалпында қалып қойған
- author «Ақ жол»
- 26 шілде, 2016
- 195
Атыраудың жеті жастағы тұрғыны екі жасар сәби қалпында қалып қойған
Атырауда жеті жастағы Мадияс өзге балалардан ерекше. Екі жасар сәби қалпында қалып қойған ұлдарының жағдайына ата-анасы алаңдаулы деп хабарлайды 31 арна. Дәрігерлердің Мадиясқа қойған диагнозы ергежейлі. Ал, анасының айтуынша, кішкентай ұлдың денсаулығын қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп қаражат қажет екен.
Мадияс Баев - Құлсары қаласының кішкентай тұрғыны. Тумысынан бойы өспей қалған баланың тағдыры қиын. Мадияс Баевты бір көргеннен жеті жаста деп айту қиын. Бірақ, екі жастағы баланың қалпындағы ұлдарының қатарынан қалып бара жатқанына әсіресе ата-анасы алаңдайды. Ал Мадиястың арманы асқақ.
"Өскенде бойымның өскенін қалаймын", - дейді ол. Шынашақтай ұлдың «шытырманға» толы өмір баяны өзгелерге ұқсамайды. Дәрігерлер Мадиясқа ергежейлі, яғни медицина тілімен айтқанда Лорон Синдромы деп диагноз қойған. Бірақ, оның бойын өсіруге әлі де мүмкіндік бар көрінеді. Ол үшін жалпы құны 60 мың АҚШ доллары тұратын дәріні қабылдау керек екен.
"Есептеп қараған кезде, маған врачтар 40 флакон жазып берді. Сол 40 флаконның өзі деген 60 мың доллар тұрады. Менің оған қаражатым жетпейді. Жолдасым вахталық әдіспен жұмыс жасайды. 15 күн жасап, 15 күн демалады. Өзіміз квартирда тұрамыз. Квартирамыздан ауыспайды", - дейді Мадиястың анасы Нұргүл Баева.
Ақпарат көзі: Nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді