Жаһан
Еліміздің әскери жоғары оқу орындарында жаңа мамандықтар ашылды
- author «Ақ жол»
- 26 шілде, 2016
- 333
Еліміздің әскери жоғары оқу орындарында жаңа мамандықтар ашылды
Қазақстандықтар үшін еліміздің әскери жоғары оқу орындарындағы жаңа әскери мамандықтарға оқуға түсу қолжетімді болып отыр. Оның ішінде, биылғы жылдан бастап Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында алғаш рет «Әскери істегі логистика», «Әскери істегі юриспруденция», «Әскери істегі радиоэлектроника мен инжиниринг» және «Әскери ұжымның психологиясы», «Әскери істегі ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтары ашылды.
Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында да жаңа мамандықтар пайда болды. Мұнда «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшуда пайдалану» және «Әскери медицина» мамандықтары ашылды. ҚР ҚМ Білім және ғылым департаменті өкілдерінің хабарлауынша, бүгінгі күні Қазақстанның түкпір-түкпірінен Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындары мен Кадет корпусына оқуға түсуге шамамен 3000 бозбала құжаттарын тапсырды. Олардың барлығы бөлінген 865 орынға үміттенуде. Қазіргі кезде бозбалалар іріктеуден өту үшін біртіндеп оқу орындарына келіп жатыр. Іріктеу бес кезеңді қамтиды. Алдын ала медициналық куәландыруды азаматтық жалпы білім беру мектептерінің бітірушілері өздерінің аудандарында өтсе, онда алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеуді, дене даярлығын, соңғы медициналық куәландыру мен кәсіби-психологиялық іріктеуді оларға тікелей өздері таңдаған жоғары оқу орнында өтуге тура келеді. Әскери мамандықтар елімізде жыл сайын үлкен танымалдылыққа ие болуда.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді