Жаһан
ҰБТ-да аз балл жинаған түлектер 19-24 тамыз аралығында тесті қайта тапсыра алады
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2016
- 357
ҰБТ-да аз балл жинаған түлектер 19-24 тамыз аралығында тесті қайта тапсыра алады
ҰБТ-да шекті деңгейден өте алмаған түлектер 19-24 тамыз аралығында тесті қайта тапсыра алады. Тест сұрақтары дайын, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Біз ҰБТ-ны қайта тапсыруға арналған сұрақтарды дайындап, бекітіп қойдық. Айта кетейік, тест тапсырмаларына айтарлықтай өзгерістер енгізілген жоқ. Сондай-ақ бірыңғай кешенді тестілеуді қайта тапсыру датасы да белгілі болып отыр. 1-8 тамыз аралығында өтініштер қабылданып, 19-24 тамызда тестілеу өтеді. Түлектер тест тапсыратын жоғары оқу орындары әзірге белгісіз», - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл ҰБТ-ға 84 079 түлек қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде – 61 739, орыс тілінде – 22 340. Шекті 50 балды 14 252 талапкер жинай алмады.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді