Биыл елімізде 6 түрме жабылады
Биыл елімізде 6 түрме жабылады. Бұл туралы Бас прокурор Жақып Асанов ведомствоның алқа жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Түрме индексі бойынша позиция жыл сайын жақсарып келеді. Бүгінде біз 221 мемлекеттің ішінде 62-орындамыз. Бұл Еуропаның жетекші елдерінің деңгейінде. Жарты жылда сотталғандар саны 2,5 мыңға төмендеген, бүгінде 37 мыңнан аз. Қаражалдағы колония жабық, осы жылы тағы 6 түрме жабылады. Бұл «түрмедегілерді азайту бойынша 10 шара» атты біздің жобамыздың нәтижесі" дейді Бас прокурор.
Оның айтуынша, түрмедегі азаптаулар шешілмей отыр. Жыл сайын 600 шағым тіркеледі, оның әрбір алтыншысы расталады. Соңғы 1,5 жылда колонияларда азаптаудан 4 адам көз жұмған. Сондықтан «Азаптаусыз мемлекет» деген жоба бастау алды.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




