Жаһан
Альварес желтоқсанда Головкиннің салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2016
- 756
Альварес желтоқсанда Головкиннің салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр
Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы 25 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (47-1-1, 33 КО) биыл желтоқсан айында орта салмақта жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бұл біздің мақсатымыз. Біздің жоспарымыз, - деп келтіреді Альварестің сөзін RingTV телеарнасы. - Біз жоғары көтерілу туралы ойлап отырмыз. Не болатынын білмейміз, бірақ біздің жоспарымыз осындай".
Айта кетейік, 17 қыркүйекте Альварес бірінші орта салмақтағы WBO чемпионы ұлыбританиялық Лиам Смитпен (23-0-1, 17 КО) кездеседі. Жекпе-жек Арлингтонда, Техас штатындағы 100 мың көрерменге арналған AT&T Stadium аренасында өтеді. Бірақ бастапқыда жекпе-жекті Лас-Вегаста өткізу жоспарланған болатын.
Еске салайық, Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның О2 аренасында өтеді. GGG промоутері Том Леффлердің айтуынша, бұл жекпе-жектің билеттері бар-жоғы 12 минуттың ішінде сатылып кеткен.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




