Жаһан
Қарағандыда экс-премьер Серік Ахметовтің мүлкіне талас басталды
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2016
- 975
Қарағандыда экс-премьер Серік Ахметовтің мүлкіне талас басталды
Қарағандының сот орындаушылары Серік Ахметовтің мүлкін тәркілей алмай жүр. Өйткені экс-премьерге тиесілі деген «Топар» жылыжайлары «Қазагрофинансте» кепілде тұр екен. Енді осы мекеме мен прокуратура арасында мүлікке таласып туған дау сотқа дейін жетіп отыр. Әйгілі жылыжайлар Ахметовтің тікелей атына емес, жақындарына жазылғаны дәлелденген дейді прокурорлар. Ал осы нысанды салып, құрылғылармен толық жабдықтауға кезінде «Қазагрофинанс» арқылы Ұлттық қордан 4 миллиард теңге бөлінген екен. Сондықтан мемлекет қаржысы жұмсалып, кепілге алынған мүліктен олар да оңай айырылмақ емес. Оның үстіне Ахметовтің бұл жылыжайда қанша үлесі бары да құжатта көрсетілмепті. Өйткені жылыжайлар экс-премьерге үкім шығар алдында басқа біреулерге сатылған екен. Бұның да жай-жапсарын білмей басы қатқан тергеушілер, енді өз алдына тағы бір қылмыстық іс қозғап жатыр.
Ақпарат көзі: Alashainasy.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




