Қазақстанда Хорватия елшілігін ашу туралы мәселе саяси деңгейде шешілді. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтің Хорватия мен Югославияның экс-президенті Штефан Месичпен кездесуі барысында хорват тарапы мәлімдеді.
Өткен бейсенбіде «Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде партия төрағасы Азат Перуашев Югославия мен Хорватияның экс-президенті Штефан Месичті қабылдады. Экс-президент Қазақстанға VII Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген болатын.
Ш.Месичтің қасында кеңесші мен оның кеңсесінің жетекшісі Мирьяна Павокович пен Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің іскер адамдары қауымдастығының президенті Марио Рендулич болды. Ал, қазақстандық тараптан кездесуге «Ақ жол» партиясының басшылары мен қазақстандық бизнес өкілдері қатысты.
Хорват тарапы Қазақстанда Хорватияның елшілігін ашу туралы мәселе саяси деңгейде шешілгенін мәлімдеді. Бұған қоса, бизнесмен Марио Рендулич экономикалық байланыстар орнатып, бизнес жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін Оңтүстік-Шығыс Еуропа іскер адамдары қауымдастығының өкілдігін Қазақстанда ашу бойынша жоспарларымен таныстырды.
Сондай-ақ, Ш.Месич мырза мен А.Перуашев Еуропа мен Азия елдерінің ынтымақтастығын дамыту қажеттігі туралы пікірлерімен бөлісті.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




