Бүгін, 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде салтанатты түрде дәстүрлі "Соңғы қоңырау" шаралары өтуде.
Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов 2014 жылы мектепті тәмамдаған еліміздің түлектеріне арнайы құттықтауын жолдады.
"Мерекелеріңіз құтты болсын! Мектеп бітіру - адам өміріндегі ең үлкен, ең жауапты қадам. Осы қадамдарыңыз сәтті болсын! Ұлттық бірыңғай тестілеуді жақсы тапсырып, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін қызмет ететін маман болуларыңызға тілектеспін! Соңғы қоңырау - алғашқы ірі жетістікке жеткізсін! Сәттілік пен жақсылық тілеймін!", - дейді министр өз құттықтауында.
Атап айтқанда, биыл Қазақстанда 134 648 оқушы мектеп бітіреді. Министрлік мәліметінше, ҰБТ өткізуге арналған 154 пункт дайындалуда. Бұл жерлерде сынақты ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссиялар құрылды.
"Оқушылардың 72 пайызы ҰБТ-ға қатысады деп болжануда, бұл шамамен 92 077 түлек", - делінген ҚР БҒМ хабарламасында.
ҰБТ форматы өзгеріссіз қалып отыр. Қазіргі уақытта барлық аймақтарда оқытушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттандыру жұмыстары қалалық және ауылдық мектептердің қатысуымен онлайн режімде ұйымдастырылуда.
2014 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-9 маусымда өткізіліп, ал 9-15 маусым аралығында апелляциялық шағымдану кезеңі жүргізіледі.
Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді