ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті мен ҚР БҒМ «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингінің география институты туристік салаға арналған карта әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
«Астана экономикалық форумы шеңберінде, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев пен ҚР БҒМ «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингінің география институтының директоры Медеу Ахметкал туристік саланы дамыту үшін базалық деректері бар геоақпараттық картографиялық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында ынтымақтасу туралы келісімге келді»,- деп жазылған хабарламада. ҚР БҒМ «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингінің география институтының директоры Медеу Ахметкал География институтының филиалы Астана қаласында ашылатындығын атап өтті. География институты Қазақстан мен Орталық Азиядағы география саласындағы 75 жылдық ғылыми қызметтік тарихы бар жалғыз ғылыми-зерттеу институты болып табылады. Институт соңғы жылдары тапсырыс берушілері орталық және жергілікті атқарушы органдары болып табылатын 40-тан астам ғылыми зерттеу жұмыстарын әзірледі. Филиал құру Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлеріндегі географиялық орталықтарынан кеңістіктік қолжетімділіктің арқасында уақыт пен қаражатты үнемдеуге себепші болады. Сондай-ақ, институт таяу жылдарда, әсіресе «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу қарсаңында табиғатты ұтымды пайдалануды және Астана аумағына рекреация мен туризмді дамытуды, біріктіруді жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




