Жаһан
ОҚО-да дәрілік шөпті шекара маңынан заңсыз жинап жүрген 21 шетелдік ұсталды
- author «Ақ жол»
- 8 шілде, 2016
- 906
ОҚО-да дәрілік шөпті шекара маңынан заңсыз жинап жүрген 21 шетелдік ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында, өсімдіктану ғылымында «Сасық Ферула» атанған дәрілік шөпті шекара маңынан заңсыз жинап жүрген 21 шетелдік ұсталды.
Сарыағаш шекара отрядының (Қазақ-Өзбек шекарасы) бір топ офицерлері Сарыағаш ауданы бойынша ҰҚК аппаратымен бірлесе отырып, Көші-қон туралы заң талаптарын бұзғандығы үшін, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бозай ауылдық округының аумағынан 19 ауғанстандық, 2 өзбекстандық азаматты ұстады. Олар бейсауат адам жүруге болмайтын Мемлекеттік шекара маңында дәрілік шөптер жинаумен айналысып жүрген.
Ұсталғандар Сарыағаш ауданы бойынша ІІМ басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




