Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
- author «Ақ жол»
- 30 маусым, 2016
- 1.0k
Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Бас Ассамблеяда өткен дауыс беру кезінде Қазақстан 138 мемлекеттің қолдауына ие болды. Ол бұл сайлауда 55 дауыс жинаған Таиланд мемлекетінен басым түскен. Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері атынан 1-орынға Қазақстан және Таиланд елдері таласқан болатын. «Дауыс берушілердің үштен екісінің қолдауына ие болып, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесіне 2 жылға тұрақты емес мүше болып сайланды, 1 қаңтардан бастап қызметін бастайды», – деп мәлімдеді Бас Ассамблеяның 70-сессиясының төрағасы Могенс Люккетофт. Өткен жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2016-2017 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне Мысыр, Сенегал, Украина, Уругвай және Жапония елдері сайланған болатын. Осы жылдың 31 желтоқсанынан бастап Ангола, Малайзия, Венесуэла, Жаңа Зеландия және Испания мемлекеттері Қауіпсіздік Кеңестегі орындарын босатады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 15 мемлекет мүшелік етеді. Ұлыбритания, Қытай Халық Республикасы, Франция, Ресей Федерациясы және Америка Құрама Штаттары – Кеңестің тұрақты мүшелері. Одан бөлек 10 тұрақты емес мүше мемлекетті Бас Ассамблея екі жылға сайлайды. Әр жыл сайын оның бесеуі жаңарып отырады.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




