ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев VII Астана экономикалық форумы қатысушыларын құттықтады.
«Құрметтi форумға қатысушылар, ханымдар мен мырзалар бiздiң елордамыз, елiмiздiң жас қаласы – 15 жастағы Астанамызға қош келдiңiздер. Ол бiздiң тәуелсiз Қазақстанның соңғы жылдардағы өсiмiнiң нышаны болып табылады. Бiздiң форумымыз аймақтық пікірталас алаңынан халықаралық экономикалық өмiрдiң әйгiлi iс-шарасына айналды. Форум идеясы жаңа ғана Петр Стоянов айтқан 2013 жылдың қыркүйегiнде Қазақстанның «Үлкен жиырмалық» саммитiнде қатысуы барысында ұсынылған», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, 150 елдегі 4 миллион пайдаланушының басын қосып отырған G-GLOBAL ғаламдық диалогтың виртуалды алаңы сәттi жұмыс iстеуде.
«Бұл форум 150 елден 10 мың қатысушыны жинап отыр. БҰҰ қолдауымен Астана экономикалық форумы аясында II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция өттi. Бұл форумның аясында өте көп мәселелер қамтылған. Мен форумға қатысушылардың барлығына Қазақстанға өз уақытын бөлiп келгені үшiн ризашылығымды бiлдiремiн», - деп толықтырды Н.Назарбаев.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




