Н.Назарбаев: «Кедейлiктi жоюдың жол картасын» әзiрлеу қажет
- author «Ақ жол»
- 23 мамыр, 2014
- 922
Азия мен Африканың ең кедей елдерiнде адамзат капиталын дамытудың ауқымды құралдарын қарастыратын «Кедейлiктi жоюдың жол картасын» әзiрлеу қажет. Бұл туралы бүгiн VII Астана экономикалық форумы барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мәлiмдедi.
«Азия мен Африканың ең кедей елдерiнде адамзат капиталын дамытудың ауқымды құралдарын қарастыратын «Кедейлiктi жоюдың жол картасын» әзiрлеу қажет. Экономикалық қарым-қатынастарды саясаттандырудан арылу керек», - деп атап өтті Президент.
«Мен жаңа ғана Нобель сыйлығы лауреаттарымен кездестiм. Мұхаммед Юнус мырза бүгiнгi күнi банктердiң бай елдер үшiн жұмыс iстейтiнi туралы айтқан болатын. Сондықтан, кедейлерге назар аудару, шағын несиелер, олардың әсiресе әйелдерге берiлуi, жастарды жұмыспен қамту мәселелерi бiздің алдымызда тұрған маңызды мiндеттердiң бiрi», - деп түйіндеді Н.Назарбаев.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




