21 мамырда атфосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады, тұман түседі, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде күн суытады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда күн ашық болады. Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде және таңертең түман түседі. Жамбыл облысында тұман түсіп, 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында шаңды дауыл тұрады. Түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысында 0-5 градус суық болады. Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




