Жаһан
Үкімет оңтүстік өңір тұрғындарына солтүстікке көшуді ұсынды
- author «Ақ жол»
- 20 мамыр, 2014
- 8.8k
Үкімет оңтүстік өңір тұрғындарына солтүстікке көшуді ұсынды
Елімізде ішкі көші-қон мәселесіне жіті көңіл бөлінбек. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі оралмандарды оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру мәселесін көтеруде.
Бұл туралы көші-қон комитетінің төрағасы Саламат Аманбаев айтты. Қоныс аударушыларға әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады. Оларға баспана немесе жер телімі беріледі. Сондай-ақ, шағын несиелеу тәжірибесі де енгізілмек.
Аталмыш бағдарлама бірнеше бағытқа бөлінген. Оның бірі - оңтүстіктегі ауыл-аймақтарда тұратын жастарға солтүстіктегі оқу орындарынан көбірек грант бөлу арқылы жүзеге аспақ.
Теріскейге өз еркімен көшкен азаматтар жұмыспен және баспанамен қамтылады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасы Саламат Аманбаевтың хабарлауынша, ішкі көші-қон саласында "Еңбекпен қамту жол картасы 2020" бағдарламасын жетілдіру арқылы халықты оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру мәселесі қолға алынды.
Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Күзде Starlink желісі ресми түрде өз жұмысын бастайды
- 19 маусым, 2025
Есіл еңбекті жырлаған майдангер
- 1 мамыр, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді