Республикалық жолдарда ауыр салмақты көліктердің қозғалысына шектеулер қойылады
- author «Ақ жол»
- 19 мамыр, 2014
- 2.7k
Қазақстанның республикалық жолдарында ауыр салмақты көліктердің қозғалысына жазғы кезеңде шектеулер қойылды.
"Қозғалыс шектеулері 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында енгізіледі", - делінген ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің хабарламасында.
Ал Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қозғалыс шектеулері 1 маусымнан 15 тамыз аралығында күшінде енеді.
Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының беткі жабындысын сақтау мақсатында көліктік бақылау комитеті органдары ауа температурасы 25°С асқан кездері жеке білікке 8 тоннадан астам жүктеме түсіретін автокөлік құралдарының (АКҚ) қозғалысына шектеулер енгізеді. "Осындай шектеулер жыл сайын жазғы кезеңде жолдың жоғарғы төсемін сақтау мақсатында енгізіледі, өйткені температура 25°С асқан кезде асфальт қызады да салмақ жүктемесіне сезімтал келеді. Сол себепті, ауыр салмақты көлік жүріп өткенде жол жамылғысын бұзып кетуі ықтимал", - дейді Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Болат Смағұлов.
Б.Смағұловтың айтуынша, қозғалыс шектеулері түн мезгіліне енгізілмейді екен. Шектеулер оңтүстікте сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін, ал солтүстік және орталық облыстарда 11-00 мен 21-00 аралығында қойылады.
Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді