Елбасы Энергетика министрі Владимир Школьникті қабылдады. Кездесу барысында В.Школьник Мемлекет басшысына мұнай-газ секторындағы және электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, атом салаларындағы ахуал мен министрліктің басқа да бағыттағы жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ көмірсутек шикізаты бағасының төмендігіне байланысты туындаған дағдарысты еңсеру жөнінде министрлік пен Үкімет қабылдап жатқан шаралар да қарастырылды. Мемлекет басшысы энергетика саласындағы барлық перспективалы жобаларды, соның ішінде Қашаған кенішін іске қосу, Теңіз кенішін кеңейту, Қарашығанақ кенішін кеңейтудің екінші кезеңі сияқты жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды. Энергетика министрі мұнай өндірісін 77 миллион тоннаға дейін төмендету жөнінде биылғы жылға қарастырылып отырған көлемді кейін Қашаған кенішін іске қосу есебінен толтыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. – Мұнай бағасының төмендігі барлық компанияларды өз бюджетін қысқарту мақсатымен қайта қарауға, өнімнің өзіндік құнын азайтумен айналысуға мәжбүрледі. Әлемнің барлық еліндегі сияқты үнемдеу режімі енгізілді, бірақ елдің мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды босатуға жол берілген жоқ, – деді В.Школьник. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді