Елбасы Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады. Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Сыртқы барлау қызметі өз дамуының жаңа кезеңіне өтіп жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделенуі мен халықаралық терроризм төндіріп отырған қатердің ұлғая түскенін ескере отырып, еліміз шетелдердегі өз мүддесін қорғау жұмыстарын күшейтуге тиіс екендігіне назар аударды. Ғ.Байжанов ведомствоның алдына қойылған міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы, соның ішінде, кадрларды іріктеу мен даярлау жүйесін жетілдіру жұмыстары жөнінде баяндады. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




