«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мәжіліс депутаттары кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастама көтерді

Мәжіліс депутаттары кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастама көтерді
ашық дереккөз
Мәжіліс депутаттары кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастама көтерді

Кеше Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповтың төраға­лы­ғымен Мәжілістің жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтті. Халық қалаулылары ең әуелі Елбасының атына Мәжіліс депутаттарының бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін мерзімінен бұрын тарату және Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастама көтерген үндеуін жолдады. Қазірден бастап жаңа реформаларды жүзеге асыруға жедел кірісу үшін, сонымен бірге, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін бесінші шақырылымдағы Мәжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, Парламентке жаңа сайлау тағайындау айрықша маңызды. Сондай-ақ, реформаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекеттерді барлық деңгейде үйлестіру үшін Парламент сайлауын жергілікті мәслихаттар сайлауымен қоса өткізу қажет. Мәжіліс депутаттарының өз дәйектерін алға тарта отырып, Елбасының атына бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін мерзімінен бұрын тарату және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы ұсынысы барлық депутаттық корпус атынан бірауыздан қолдау тапты. Палата Төрағасының атап өткеніндей, белгіленген мерзім ішінде Елбасы қандай бір шешім қабылдағанға дейін Мәжіліс жұмысы бұрынғыдай жалғаса беретін болады.

Ұқсас жаңалықтар