Қазақ сәулетшісі қала шетіне шықпай-ақ, тура тұрғын үйдің шатырында шаңғы тебуге мүмкіндік беретін құрылыс жобасын жасап, шетелдіктерді таңғалдырды. Шоқан Матайбеков шаңғы тебуді ұнататындар үшін жаңа жоба ойлап тапты. Мұндай жоба қаланың басты нышанына айналары анық. Отандық сәулетші «Слалом-үй» деп аталатын қайталанбас тұрғын үйдің сызбасын жасады. 21 қабатты U әрпіне ұқсас жоба Астана қаласының ең көрікті жеріне айналмақ. Slalom House – төбесінде тау шаңғысын тебуге болатын таңғаларлық тұрғын үй. Сырғанауға арналған шатырдың ұзындығы – 326 метр. Қыста ғана баруға болатын тау-шаңғы трассасына қарағанда, бұл үйдің шатыры қысы-жазы істейді деп күтілуде. Жазда ол Slalom House Snowflex деп аталатын жоғары температураға шыдамды жасанды қармен көмкеріледі. Шаңғышылардың қауіпсіздігі үшін трассаға биік қоршаулар салынады. Трассаның ұзындығы – 326 метр, ал ені – 27 метр. Шаңғышылар трассаның басына әйнектен жасалған арнайы лифт арқылы көтеріледі. Ғимараттың бірінші қабатында сауда орындары болмақ, ал одан жоғары барлығы 421 пәтерден тұратын 2 бөлмелі тұрғын үй апартаменттері болады. Шоқан Матайбековтің пікірінше, шаңғы тебетін жотаны қолдан жасағаннан гөрі осындай пайдалы ғимарат салған әлдеқайда тиімдірек. Бұл жоба әзірге ресми түрде бекітілген жоқ, алайда оның бағасы шамамен 70 миллион доллар болмақ. Егер жоба жүзеге асатын болса, онда «Слалом-үй» қала шетіндегі тау-шаңғы трассасына бару үшін кем дегенде төрт сағат уақытын жоғалтатын тұрғындар мен қонақтар үшін тиімді болмақ.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




