Ауа-райының тосын мінезі әлі алда
Апта соңына қарай көптеген аймақтарда күн райы күрт салқындамақ. "Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстанның кейбір өңірлерінде жел күшейеді. Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа-райы 0-5 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. Ал солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдыққа барады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында да бұрқасын дауыл болады деп күтіліп отыр.
Шығыс Қазақстанда тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады.
"Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында кей күндері жаңбыр жауады. Аптаның соңына қарай салқын ауа массаларының келуіне байланысты республикамыздың солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынды күн райы орын алып, сынап бағанасы 13 - 18, кейбір жерлерде 8 градусқа дейін төмендесе, түнде солтүстік өңірлерде жерді үсік шалуы мүмкін", - дейді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Әлия Оспанова.
Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді