Айтыс ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді
Адамзаттың асыл қазыналарының қатарына бұл өнер Қазақстан мен Қырғыз елі бірлесіп жолдаған «Айтыс – импровизация өнері» атты номинациясы бойынша енгізіліп отыр. Мұндай шешім Рухани құндылықтарды қорғау комитетінің Намибияда өткен оныншы сессиясында қабылданған. Ұлтымыздың ұлы өнерін ЮНЕСКО-ның қарамағына ұсыну идеясы 2013 жылы айтылған еді. Ал былтыр қарашада киіз үй мен күй осы ұйымның қорғауына өтті. Арада көп уақыт өтпей, міне, енді айтыс та әлемдік өнер жауһарларының қатарынан табылып отыр. Қазақ халқының осы қастерлі өнері ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілгеніне төбеміз көкке жеткендей болды.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




