Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін қолдау көрсетуде

Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін қолдау көрсетуде
ашық дереккөз
Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін қолдау көрсетуде

fd630120c67aaa1de6df1947405fde41Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанимен кездесті. Екі елдің көшбасшылары сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің және өңірлік қауіпсіздіктің мейлінше өзекті жайттары қозғалды. Қазақстан Президенті өзінің шақыртуы бойынша елімізге алғашқы ресми сапармен келген М.Ғаниға ілтипат білдірді. – Орталық Азия өңірі мен Ауғанстанның ежелден ортақ бай мәдени және тарихи құндылықтары бар. Мен Сіздің елде болып жатқан оқиғаларды жақсы білемін. Біз кезінде бұрынғы Президент Х.Карзаймен көп ынтымақтастықта болдық. Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуде. Біздің елге гүлденген Ауғанстан керек, біз осындай елмен жақын қарым-қатынас орнатқымыз келеді,– деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде Ауғанстан кезігіп отырған қиындықтар мен тәуекелдерге Қазақстанның терең түсіністікпен қарайтынын айтты. – Соңғы жылдары тұрақтану үдерісі байқалып отыр, біз бұған қуаныштымыз. Сіз бүкіл халықты біріктіріп, ұлттық бірлік үкіметін құруға талпынып отырсыз. Бұл – маңызды ниет және оны біз қолдаймыз, – деді Қазақстан Президенті. М.Ғани өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен табыстарына назар аударды. – Сіз, «Қазақстан-2030» Стратегиясын жариялағаныңызда, әлемде оған көп ешкім сенбеді. Алайда, Сіздің басшылығыңызбен және жан-жақты әрі жедел қабылданған шаралардың арқасында жария етілген мақсаттарға қол жеткізіліп қана қоймай, олар асыра орындалды да. Қазақстанда осылайша жүзеге асқан өзгерістер бүкіл өңірге жарқын үлгі бола алады. Осыған байланысты Сіздің 1997 жылы айтқан «Кеше әлі ерте болатын, ал ертең кеш болуы мүмкін» деген сөзіңізді еске алғым келеді, – деді Ауғанстан Президенті. Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанидің Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті. Кездесу барысында Елбасы Ауғанстан Президентінің Астанаға алғашқы ресми сапары екі ел қарым-қатынастарына тың серпін беретініне сенім білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Дала Елі мен Ауғанстанның тарихи тұрғыдан қалыптасқан дәстүрлі достық қарым-қатынастары, берік мәдени-рухани байланыстары бар екенін айтты. Қазақстан Президенті сондай-ақ, екі ел арасындағы қарым-қатынас бірнеше ғасыр бұрынғы Қазақ хандығы мен Ахмат-шах Дурранидің кезінен бастау алатынына да назар аударды. Мемлекет басшысы Ауғанстанда 30 жылдан астам уақытқа созылған азаматтық соғыс халықтың әл-ауқатына қатты әсер еткенін, сондықтан біздің республика М.Ғанидің елді тұрақтандыру және дамыту жөнінде жүргізіп жатқан бүгінгі жұмыстарын толық қолдайтынын айты. Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілікті сақтау жөніндегі күш-жігерді түрлі халықаралық ұйымдар аясында қолдауды жалғастыратыны атап өтілді. Қазақстан Президенті Ауғанстанның солтүстігіндегі ахуал ушыққан 1996 жылы Орталық Азия елдері мен Ресейдің шұғыл кездесуі біздің елде өткенін және сондағы келіссөздер БҰҰ қарарын қабылдауға негіз болғанын еске салды. Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты қарым-қатынастың маңызды тұстары мен оларды дамытудың келешегі сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланған бүгінгі келіссөздерді жоғары бағалады. М.Ғани Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері екі елдің өзара қарым-қатынастары нығайып келе жатқанын айтты. Ауғанстан Президенті сондай-ақ, Қазақстан халқы Елбасының басшылығымен тұрақты және гүлденіп келе жатқан мемлекет құра алғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар