Ұлыбритания мен Франция сапары табысты аяқталды

Ұлыбритания мен Франция сапары табысты аяқталды
ашық дереккөз
Ұлыбритания мен Франция сапары табысты аяқталды

Нәтижесінде он бір миллиардтан астам доллардың келісімшарттарына қол қойылды

Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптадағы Ұлыбритания мен Францияға ресми сапарлары, жетекші экономист-сарапшылардың пікірлерінше, Қазақстанның аталған алдыңғы қатарлы әлемдік индустриялық державалармен инвестициялық және сауда ынтымақтастығында шешуші рөл атқарды. Қазақстан делегациясы бұрын-соңды болмаған табысты келіссөздер жүргізсе, нәтижесінде орасан зор сомаға – 11 миллиардтан астам доллардың келісім­шарттарына қол қойылды. Алайда, Қазақстан Президентінің табысты турнесінен дивидендтер тек ақшалай көрсеткішпен ғана шектелмейді. Бұл арада Қазақстанның Ұлыбританиямен және Франциямен ынтымақтастығында сапалық тұрғыдан жаңа дәуір басталғаны анағұрлым маңызды. Осылайша, бұдан былай қарай жетекші рөл шикізаттық емес секторларға, өңдеуші өнеркәсіпке, жоғары технологиялы өндіріске берілетін болады. Лондон және Париж уағдаластықтарының нәтижесінде өмірге жолдама алатын жобалар Бес институттық реформаның, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және индустрияландыру бағдарламаларының негізіне айналады. Қазақстан алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізіп, елімізде жоғары қосымша құн салығы бар жаңа өндіріс орындары пайда болады, жоғары білікті мамандар оқытылады. Қол жеткізілген келісімдерден келетін әлеуметтік тиімділіктің құны да аса жоғары. Жаңа бірлескен Қазақстан-Британия және Қазақстан-Франция жобаларының арқасында мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылып, тұтастай өңірлер тұрғындарының әл-ауқаты артатын болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарынан соң Еуропада Қазақстан туралы «Жаңа Жібек жолы» жобасының шешуші қатысушысы ретінде әңгіме айтыла бастады. Еуропа бизнесінің еліміздің транзиттік әлеуетін пайдалануы да қазақстандықтарға кең ауқымды экономикалық тиімділік әкеледі.

Ұқсас жаңалықтар