«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаһандық стратегиялық бастама – 2045

Жаһандық стратегиялық бастама – 2045
ашық дереккөз
Жаһандық стратегиялық бастама – 2045

59f1e3494bb1976468d09bf2ddfcb475Оның мәнісі – соғыстар мен қақтығыстардың себептеріне жол бермейтін стратегия жасау, – деді қазақстан президенті

Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады. Елбасыға Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Траян Лауренциу Христеа, Польша Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Мачей Ланг, Түркияның Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Венгрияның Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Доан Тхи Хиен Суан сенім грамоталарын тапсырды. Мемлекет басшысы дипломаттарды біздің елдегі қызметтерінің басталуымен құттықтады, сондай-ақ олардың Қазақстанға мазмұнды әрі маңызды оқиғаларға толы кезеңде келгенін айтты. – Қазақстан халқы жуырда Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтті. Бұл – қазақ ұлты мен мемлекеттігінің қалыптасуында зор рөл атқарған елдік құрылым. Ерте заманда бұл Ұлы даладан Шығыс пен Батысты жалғаған Ұлы Жібек жолының бір бөлігі өтіп жатқан. Қазақстан сол дәстүрді жаңғырта отырып өз дамуының жаңа белесіне көтерілді. Елімізде «Нұрлы» жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы іске асырылуда. Оның мақсаты – Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін барынша арттыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Осы бастаманың бәрі тиімді ынтымақтастық үшін жаңа перспективаларға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі сыртқы саясат мәселелеріне тоқталды. – Бір ай бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясы ашылғаны белгілі. Ондағы дебаттар адамзат дамуының жаңа парадигмасын әзірлеудің аса қажеттігін дәлелдеп берді. Біз «Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045» жоспарын ұсынамыз. Оның мәнісі – соғыстар мен қақтығыстардың себептеріне жол бермейтін стратегия жасау, – деді Қазақстан Президенті. Қазіргі уақытта терроризм мәселесі өте өзекті болып тұрғаны атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев Ислам радикализмі мен бейбітсүйгіш ислам ұғымдарының ара-жігін ажыратудың маңыздылығына назар аударды. Осыған байланысты біздің ел «Ислам терроризмге қарсы» атты форум өткізу туралы идея ұсынып отыр. Қазақстан Президенті Еуропалық Одақ Қазақстанның әлемдегі басты сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халқын ортақ тарих пен мәдениет байланыстыратынын айтты. Екі елдің саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстары стратегиялық серіктестік аясында дамып келеді. Біз Премьер-министр В.Орбанның биылғы сапарының қорытындысын жоғары бағалаймыз, – деді Қазақстан Президенті. – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы аясында Президент А.Дудамен кездестік. Сауда-экономика байланыстары жанданып, өзара тауар айналымы ұлғаяды деп үміттенеміз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті еліміздің Вьетнам Социалистік Республикасымен ынтымақтастықты дамытуға зор маңыз беріп отырғанын айтты. Біз вьетнам бизнесінің Қазақстан нарығына қатысу аясын кеңейтуге мүдделіміз. Тоқыма өндірісі, жиһаз жасау, халық тұтынатын тауарлар өндіру саласында бірлескен өндірістер ашуға әзірміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы бауырлас Түркия Республикасымен ынтымақтастықты Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағытының бірі ретінде атады. Рәсім соңында Қазақстан Президенті елшілерге жаңа қызметтерінің жемісті болуына тілектестік білдірді.

Ұқсас жаңалықтар