4 тәулік бұрын Талдықорғанда жоғалған 14 жасар Айдана Қожабаева мен оның 15 жасар құрбысы Нарғыз Жолдасбаева табылды, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
"Оқушы қыздар бүгін түске дейін Алматыдан табылды. Екеуі де дін аман, қаладағы пәтерлердің бірінен табылды. Қыздардың айтуынша, олар Алматыны көру үшін Талдықорғаннан өз еріктерімен кеткен", -дейді өңірлік ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет. Оның сөзіне қарағанда, қос құрбы Талдықорғандағы өңірлік ІІД-не тапсырылмақ. Қыздар ұялы телефондарын қосқаннан кейін ғана табылыпты. Бұған дейін олардың телефондары үнемі сөндірулі тұрған.
Еске сала кетейік, Талдықорғандағы мектептің 8 және 9-сынып оқушылары 29 сәуірде жоғалып кеткен болатын. Оларды іздестіруге 200 полицей, 150-дей әскери қызметкерлер, сыныптастары мен мұғалімдерден құралған 200-ден аса еріктілер жұмылдырылған.
Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




