Өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері әңгіме болды
Елбасы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамемен кездесті. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер талқыланды. Қазақстан Президенті екі елдің бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, өзара ықпалдастықты жолға қою маңызды екенін айтты. Біз, салыстырмалы түрде алсақ, Африка мемлекеттерімен енді ғана қарым-қатынас орнатып жатқан жас ел болып саналамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы П.Кагаменің өз елінде бейбітшілік орнату үшін елеулі күш-жігер жұмсағанына да назар аударды. Руанда халқы сұмдық геноцидті бастан өткерді, Сіз оған тоқтау сала алдыңыз және бүгінде республиканы дамыту үшін көп нәрсе жасап жатырсыз, – деді Қазақстан Президенті. Руанда Президенті өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




