Иесіз трамвайдан сақтаныңыздар!
Алматыда бір жүргізуші Шевченко көшесінің бойымен кетіп бара жатқан трамвайды ол көліктерге соғылғанға дейін бірнеше минут бұрын көріпті. Ол ұялы телефонының камерасын қосып, трамвайдың артынан Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысына дейін жүріп барған, сонымен қатар, ол қоғамдық көліктің иесіз екенін айтып, жолдағыларға дабыл қағыпты. Шевченко мен Масанчи көшелерінің қиылысында трамвай бірінші көлікті соқты, сөйтіп Байтұрсынов көшесіне бұрылды. Келесі қиылыста ол 14 көлікті талқандады. Куәгердің айтуына қарағанда, трамвайдың рулінде ешкім болмаған.
«Ақжол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




