«Союз ТМА-16М» кемесінің түсірілетін капсуласымен Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, жаңа ғарыштық рекордшы Геннадий Падалка (Ресейғарыш), сондай-ақ Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен Қарағанды облысы, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым жерде сәтті қонды.
Елбасы «Союз ТМА-16М» экипажының мүшелерін Астанаға арнайы шақыртып, әуежайдан күтіп алды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы экипаж мүшелерін аман-есен оралуымен және Халықаралық ғарыш стансасындағы маңызды миссияларының аяқталуымен құттықтады. – Біз ұшу барысын бақылап, әрқайсыңыз үшін алаңдап отырдық. Әрине, қазақстандықтар ел тарихындағы үшінші ғарышкер болған Айдын Айымбетовтің тілеуін тіледі. Оның әлемдегі алғашқы және ірі ғарыш айлағы – Байқоңыр құрылысының басталғанына 60 жыл толғанда ғарышқа ұшуы да айшықты оқиға, – деді Елбасымыз. Қазақстан Президенті нақ осы Байқоңырдан алғаш рет ғарышқа адам ұшқанын, содан бері Қазақстанның жерінен тартылыс күшін еңсеріп ұшқандардың бәрін отандастарымыз жақын дос ретінде қарсы алатынын атап өтті. Айдын Айымбетов еліміздің атынан Халықаралық ғарыш стансасында өкілдік ету мәртебесін сеніп тапсырғаны үшін Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына алғыс айтты. Брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлемдегі 200-ден аса мемлекеттің тек санаулысы ғана азаматын ғарышқа аттандыра алатынын айта келе, Қазақстанның ғарыш саласы табысты дамығанын сөз етті. Роскосмос пен РФ басшылығының қолдауымен біз ғарышкерлер даярлауды жүзеге асырамыз. Бүгінде Қазақстанның жер серіктері маңызды коммуникациялық және ғылыми-зерттеу қызметтерін атқаруда. Полковник Айымбетов сапар барысында өзіне жүктелген барлық міндетті орындады. Осы мақсатқа бөлінген қаражат ұзақмерзімді, келешекте өзін ақтайды және іс жүзінде зор пайда әкелетін болады.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




