«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қабырға көне шаһардың қорғанына ұқсап тұрса...

Қабырға көне шаһардың қорғанына ұқсап тұрса...
ашық дереккөз
Қабырға көне шаһардың қорғанына ұқсап тұрса...

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында Тараз қаласында тарихи құрылыстағы жәдігерлерге қатысты жұмыс қыза түсті. Солардың  бірі – бұрынғы Көк базар орнында, Төле би көшесінің бойында салынып жатқан қабырғаƒның  ұзындығы 1 шақырым 100 метр болса, биіктігі 3 метрден  асады. Аталған серіктестіктің прорабы Сейдолла Балжановтың айтуынша, құрылысқа Оңтүстік Қазақстан облысынан әкелінген сары кірпіштер пайдалануда. Ал қолданылып  жатқан цемент, сондай-ақ өзге материалдың барлығы жергілікті. Осында 120  адам  жұмысқа тартылған. Облыстық қазынадан 100 миллион теңге қаражат бөлінген.                                          

7Дегенмен, қабырға құрылысында «әттеген-айлар» жоқ емес. Мәселен, орталық көшеге қараған қабырғадан көне  қала қамалының нақты бейнесін танытатын сәйкестік көрмедік. Тұтас сары кірпіштен  қалай салған. Кәдімгі ауылдарда кейбіреулер үйін, біреулер қорасын қоршап жүрген кірпіш қабырғаға ұқсайды. Туристер, қонақтар тамашалайтын көне қаланың орны, оның сыртқы көрінісіне де байланысты. Сондықтан қарапайым қабырғаның орнына ежелгі Әулиеата, Сауран немесе Түркістан қалаларын қоршап тұрған қамал-қорғандардың үлгісін көрсек деген ойымыз бар. Ол үшін мына қабырғаның (суретте) үстінен қамалға тән өркешті айшықтар жасап, түрлендіре түссе сұрқайлықтан ептеп алыстай түсер едік. «Тарихи мәдени ескерткіштерді  қорғау және қалпына  келтіру»  дирекциясының директоры Эдвард Майтпасовтың айтуынша, әуелі бұл құрылысқа бөлінген  қаржы көлемі қазіргіден екі есе көп болған. Сол кезде бұл қамал-қабырғаның биіктігі 30 метр, одан бөлек  төменге 11 метр қамал өріледі деп жоспарланған. Құрылыс қаражатының азаюына орай оның биіктігі де, басқа қажеттіліктері де қысқарып қалыпты.

8Дәл осы қабырғаның қарама-қарсы бетінде бұрынғы «Шахристан» базары жағында «Фибратас» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол құрылыс барысымен  де таныстық. Мұнда барельеф салынуда. Сол  құрылыста Алтын адам бейнесі, Абылай бастаған хандар бейнесі, көне жәдігерлер шебер көрініс  таппақшы.

– Жұмысты бастағанымызға бір ай болды. 15  адам осында еңбек етуде. Құдай қаласа, жұмысымызды қыркүйектің соңына дейін бітіреміз. Осындағы тарихи бейнелер Тараздың көне келбетін танытатын болады, – дейді «Фибратас» ЖШС директоры  Саят Әбдіров.

Қазақ  хандығының  550  жылдығына арналған негізгі құрылыс – музейдің қабырғасы ежелгі қамал-қорғандарға ұқсап тұрғаны жөн емес пе? Қандай құрылыстан болса да Тараздың 2000 жылдан астам  тарихы бар ежелгі қала екені танылып тұрса деген ұсыныс біздікі. Әйтпесе, Қазақ  хандығының  550  жылдығына  арналған  дайындық жұмыстарына  көңіл  толады.

Есет Досалы,

«Ақ  жол».

  

Тараз  қаласы. 

Ұқсас жаңалықтар