Ақордада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Жұмыс барысында әлемдік экономикадағы ахуал мен интеграциялық үдерістер аясында ұлттық мүдделерді қорғау мәселелері қарастырылды. Отырысқа мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтары және «Атамекен» ҰКП басшылары, жетекші отандық сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Сөз сөйлеушілер өңірлік экономиканы дамыту, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі ел алдына түрлі салаларда ұлттық мүдделерді қорғау және жүзеге асыру жөнінде жаңа міндеттер қоятынын атап өтті. Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев сарапшылар мен бизнес қауымдастықтарының ұсынымдарын ескере отырып, жауапты мемлекеттік органдарға экономикалық және ықпалдастық үдерістерді жан-жақты талдау және олардың барлық ықтимал салдары мен қатерлеріне болжам жасау қажеттігін атап өтті. Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ықпалдастық бірлестіктеріне қатысуының тиімділігін арттыру жөнінде нақты ұсыныстар енгізілді. Сараптамалық кеңестің ұсынымдары Қауіпсіздік кеңесі жұмысында және Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын дайындау барысында пайдаланылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




