Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға кіруі аясында мемлекеттік шекараның ашылу рәсімі 12 тамызда өтеді.
Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі туралы шартқа өткен жылы желтоқсанда Мәскеуде Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қол қойылған. Шартқа сәйкес ол депозитарий дипломатиялық арналар бойынша елдердің ратификациялау туралы мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап күшіне енеді.
Өткен аптада Қазақстанда Қырғызстанның қосылуы бойынша барлық ратификациялық рәсімдер аяқталды. Тиісті құжаттар пакеті мен Қазақстанның нотасы ЕЭК-ке жіберілді.
Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне және кедендік бақылауды жою туралы рәсімдерді жүргізуге байланысты 12 тамызда сағат 8 сағат 00 минуттан 13 сағат 00 минутқа дейін қырғыздың «Ақжол-автожол» өткізу пунктінде қырғыздық-қазақстандық мемлекеттік шекараны кесіп өтетін тұлғалар, автокөлік құралдары мен жүктерді шекаралық бақылауды жүзеге асыру уақытша тоқтатылады, – деп хабарлады ведомство.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




