оған алпыс мыңнан астам талапкер үміт артуда
Кеше ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiповтің төрағалық етуімен Білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. «Мемлекет тарапынан бiз 32168 грант бөлемiз. Оның iшiнде техникалық мамандықтарға арналған 12,5 мың грант, педагогикалық мамандықтарға 6 мың грант, ауыл шаруашылық мамандықтарына 2,5 мың грант қарастырылады. Өздерiңiз бiлетiндей, биыл Ұлттық бiрыңғай тестiлеу жоғары деңгейде өткiзiлдi. Нәтижелерi былтырғы жылғымен салыстырғанда жоғары. Сондықтан биыл конкурсқа қатысатындардың саны 67 мыңға жеттi. Олардың iшiнде 78 пайызы – қазақ тiлiнде бiтiрген балалар, 22 пайызы – орыс тiлiнде бітіргендер. Сол себептi 32168 гранттың iшiнде 78 пайызы қазақ бөлiмдерiне арналған. 22 пайызы орыс тiлi бөлiмдерiне деп қарастырылып отыр», – деп атап өттi министр тiлшiлерге берген сұхбатында. Гранттарды үлестіру барысында «Алтын белгі» иегерлеріне, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми сайыстардың, байқаулардың және спорттық жарыстардың жеңімпаздарына басымдық беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект: игілігі мен қатері
- 19 тамыз, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




