Жаһан
Республикадағы ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді
- author «Ақ жол»
- 31 шілде, 2015
- 976
Республикадағы ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді
2015 жылғы 2 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 124 227 теңгені құрады, - деп хабарлайды Baq.kz ҚР ҰЭМ СК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Атаулы жалақы индексі 2014 жылғы 2 тоқсанға 102,9%, ал нақты жалақы индексі 98,6% құрады.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 250,7 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалыққызметте – 229,9 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 229,6 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 193,1 мың теңге, көлік және қоймалау саласында – 157,3 мың теңге белгіленді.
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 69,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 44,0%-ға төмен және білім беру саласында - 84,4 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 32,0%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Манғыстау облысында белгіленді – 217,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 85,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,4%-ға төмен.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




