Алматы облысында құлға айналған жұмысшылар бала-шағасымен құрылыс басында түнеп жүр

Алматы облысында құлға айналған жұмысшылар бала-шағасымен құрылыс басында түнеп жүр
ашық дереккөз
Алматы облысында құлға айналған жұмысшылар бала-шағасымен құрылыс басында түнеп жүр

pogudx52tvb5ebgde.69944ed4Алматы іргесіндегі Талғар қаласында ауыл-аймақтан келген бір топ жұмысшы құрылыстың басында кәдімгі құлдарша өмір сүріп жатыр деп хабарлайды .

Күндіз мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үйде тегін тер төксе, түнде – дүңгіршек ішінде түнейді. Қайтып кетуге қалталарында көк тиын жоқ. Ал төрт айдан бері жалақы төлемеген фирманың өзі істі боп жатыр екен. Сөйтіп, құрылыс та, жұмысшылар да жайына қалған.

Оңтүстіктен нәпәқа іздеп келген жұмысшылар қазір мұнда бала-шағасымен бірге тұрып жатыр. Бір вагонда ер кісілер ұйықтаса, екіншісінде кілең әйелдер орналасқан. Олар құрылыс қалдықтарының арасында жуынып, осында тамақтанып жүр.

Контейнердің ішінде күнелтіп, кір төсекте жатады. Тапқан тамағын ішіп, әркімнен су сұрап жуынудан басқа амалдары жоқ.

“Жуынатын заттар керек. Киімді ауыстыру керек. Қашанға дейін бүйтіп жүре береміз? Біз барлық киімді әкелмедік қой. Бір 3-4 киім әкелдік”, – дейді сылақшы Гүлнар Тазабекова.

Гүлнар мұнда сонау Түркістаннан келіпті. Сылақшыны «Келешек» атты компания мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғынүйді әктеп, сырлауға әкелген.

Дәл осылайша келісім-шартпен Тараз бен Шымкенттен 50 адам жүр. Құрылыс мемлекеттің бақылауында деп сендік дейі олар. Алайда, компания тек бір жолғы жалақыны беріп, одан кейін көк тиын көрсетпеген.

“Әйелімнің операциясына ақша бере алмай осы жерде жатырмын. Не бала-шағаммен сөйлесуге бетім жоқ барып, телефоным да жоқ сол сөйлесіп айтуға «қызым міне осындай болып жатыр» деуге. Күнде айтатындары келесі аптада, келесі аптадамен бәрімізді тойдырды”, – дейді құрылысшы Берік Масанов.

Жұмысшылармен қоса мұнда бала-шағасы да жүр. Қарайтын адам болмай, табыс табуға өздерімен бірге ала келіпті. Үлкендермен бірге олар да күркелерде түнеп, лас жерде тамақтанады.

“Не жейміз енді? Не жейміз? Ақпанда алғанбыз ақшамызды соңғы. Бізде бала-шаға жоқ па?”, – дейді олар.

Ал азық-түліктен тек жарты қап тұз бен 5-6 пияз қалған.

Бейшара күйге түскен бригада төрт ай бойы төбе көрсетпеген компания басшылығын бала-шағасымен бірге іздеп барғанымен, кеңседегілердің өздері қашуға дайындалып жатыр екен.

“Компанияның шоты бұғауланды. Ақша жоқ. Басқа не айтам?”, – дейді құрылысшылардың бірі.

Бақылауды бетімен жіберген Талғар әкімдігі құрылыс компаниясына 50 миллион теңгені беріп те қойған екен. Сол қыруар қаржыға үйдің қаңқасы ғана тұрғызылыпты. Әкімнің өзі болса, жұмысшылардың жалақысы түгілі құрылыстың аяқсыз қалғанынан да хабарсыз.

“Ол жағын енді мен білмеймін. Ондай ақпарат  келген жоқ. Егерде жалақы төленбеген болса әкімшілікке келетін еді ғой адамдар. Мен қазір сіздерден бірінші рет естіп тұрмын. Ондай жағдай бізде жоқ, тіркелмеген де”, – дейді  Талғар қаласының әкімі Дәулет Батталғазиев.

Қара жұмысшылар енді қайда барарын білмейді. Сенген билігі «сен кімсің» деп аспаннан түскен күйде отыр. Ағайын-туыстары амалдап алып кетпесе, барлығы құрылыс басында қала бермек.

Ұқсас жаңалықтар