Ғалымдар: Жаңа зымыран қозғалтқышы ғарышкерлерді төрт сағат ішінде Айға жеткізе алады
- author «Ақ жол»
- 30 шілде, 2015
- 829
Неміс ғалымдары электромагнитті қозғалтқыш ғарыш кемесін төрт сағат ішінде Айға жеткізе алатынын дәлелдеді.
Электромагнитті қозғалтқышты жасауды британиялық ғалым Роджер Шоер 2000 жылы ұсынған болатын. Алайда ғалымдар қоғамдастығы мұндай мүмкіндікке сенбеді. RT ағылшын тілді сайты хабарлағандай, кейін НАСА бұл жобаға қайта оралды.
Дрезден технологиялық университетінің ғалымдары электромагнитті қозғалтқыш ғарыш кемелерін Айға төрт сағат ішінде, ал Марсқа 70 күн ішінде жеткізе алатынын растады.
Ғалымдар түсіндіргендей, мұндай қозғалтқыш тұйық камераның қабырғасынан электромагнитті сәулелену бейнесінің арқасында күш алады. Ол үшін зымыранның жанар-жағар майы керек емес. Күннің сәулесі жеткілікті.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




