Алматыда сел жүргеннен кейін Жапонияның азаматы тоналды
Алматыдағы Наурызбай ауданында 23 шілдеде болған сел кезінде Жапония тұрғынын тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жапония азаматы Yoshihiro Suzuki арызы сотқа дейінгі бірыңғай реестрде 188-бап ("Бөтеннің мүлкін ұрлау") бойынша тіркелді.
"Қылмысты ашу үшін Наурызбай ауданы ІІБ, сонымен қатар Алматы ІІД криминалдық полиция басқармасы өкілдерінен жедел іздестіру тобы құрылды. Қазір полицейлер айғақтар іздеп жатыр. Сонымен қатар, күдіктілерді ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіледі", - деп жазылған ІІД хабарламасында.
Осыған дейін Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильин оқиға орнында тонаушылықтың болғанын растады. "Тұрғындардың, куәгерлердің айтқаны бойынша анықталып, бірнеше адам ұсталды. Оларға қатысты процессуалдық шара қолданылады", - деді Ильин.
Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект: игілігі мен қатері
- 19 тамыз, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




