Қытайлық және сингапурлық компаниялар Алматы түбiнен жаңа әуежай салуды ұсынды
- author «Ақ жол»
- 30 шілде, 2015
- 647
Инвестиция және даму министрлiгi Алматы әуежайының құрылысын салуға ниет бiлдiрген үш шетелдiк компанияның ұсынысын қарастыруда. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттiгiнiң ресми сауалына берген жауабында Инвестиция және даму министрлiгi хабарлады.
«Қазақстанның екi негiзгi әлемдiк нарықтың ортасында орналасуы 66 қадамда («100 қадам» Ұлт жоспары) айтылған авиациялық хабтың құрылуын талап етедi. Оған Алматыда тиiстi инфрақұрылымы бар жаңа әуежайды салу арқылы қол жеткiзу жоспарланып отыр. Бұл бағытта жұмыстар басталды. Бүгiнде үш инвестордың: қытайлық «Тенгри Холдинг», сингапурлық «Changi Airports International Ltd» және француздық «Vinci Group» компанияларының ұсыныстары қаралды”, – делiнген «ҚазАқпарат» агенттiгiне берiлген жауапта.
Министрлiктiң атап көрсетiлгенiндей, «Тенгри Холдинг» пен «Changi Airports International Ltd» жаңа әуежайдың жобасын ұсынса, француздық «Vinci Group» компаниясы қолда бар әуежайды кеңейту бойынша жобаны ұсынуда.
Инвесторлар негiзгi талап ретiнде салық саясатын жеңiлдетудi, қажеттi инфрақұрылымды республикалық бюджет есебiнен салуды және жер учаскесiн бөлудi сұрап отыр.
«Инвестициялық ұсыныстар алдын ала қарастырудан өткен соң, жобаның стратегиялық маңыздылығы мен жоғары құнын ескере отырып, ең тиiмдi ұсынысты анықтау үшiн шетелдiк кеңесшiлер тартылды», – деп жазылады хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект: игілігі мен қатері
- 19 тамыз, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




