Жаһан
Астанада 11 қабаттан секіріп кеткен оқушылар “готтар” сектасына мүше болған
- author «Ақ жол»
- 30 шілде, 2015
- 1.0k
Астанада 11 қабаттан секіріп кеткен оқушылар “готтар” сектасына мүше болған
ІІМ-нің аса маңызды істер бойынша тергеу департаментіндегі аға тергеуші Арман Матжанның айтуынша, осы жылдың наурызында Астанадағы көп қабатты үйден секірген екі жеткіншек “готтар” сектасына мүше болған.Бұл жағдайда кәмелетке толмаған жеткіншектердің “готтар” сектасына мүше болғандары анықталды. Олар интернет арқылы өмірдің еш мәні жоқ деген сияқты ақпарлар алып отырған. Осылайша жеткіншектер өз өмірімен қош айтысуға бел буған”, – дейді Матжан баспасөз конференциясында.
Ол қазіргі уақытта өлімге қатысты ақпарды таратқандардың кім екендігі анықталып жатқанын мәлімдеді.
“Мұндай әрекеттерге итермелеген интернеттегі ақпарат болғандықтан, оның артында кім тұрғанын анықтау оңайға соқпауда”, – дейді аға тергеуші.
Еске салсақ, наурыздың ортасында әлеуметтік желілерде екі жеткіншектің көп қабатты үйден секіріп кеткенін түсіріп алған куәгердің видеосы жарияланған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




