Қостанай тұрғыны коммуналдық қызметтен көлігін зақымдағаны үшін 190 мың теңге өндіріп алды
- author «Ақ жол»
- 30 шілде, 2015
- 571
Қостанай тұрғыны коммуналдық қызметтен көлігін зақымдағаны үшін 190 мың теңге өндіріп алды деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.
Қостанай қалалық сотында қала тұрғынының «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нен жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығынды өндіру туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды”, – делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, шағымданушы Н. өз шағымында Қостанай қаласының Базовая көшесі бойында люктің темір қақпағы «Ивеко» автокөлігін зақымдағанын, осы себепті келтірілген материалдық шығынды өндіруді сұраған.
“Сот отырысы барсында талапкердің өкілі жөл-көлік оқиғасы люк қоршауының бүлінгендігінен және ойылған жол бөліктері шиыршық таспен жабылуы салдарынан болғанын, яғни, мемлекеттік мекеме жергілікті жердегі көлік жолдарының қауіпсіздігін қатматасыз ету түріндегі өзіне қойылған міндеттерді дұрыс жүзеге асырмағанын мәлімдеген”, – деп атап көрсетілген хабарламада.
Хабарламаға сәйкес, тараптарды тыңдаған сот «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нен талапкер пайдасына 159 473 теңге материалдық шығынды, 1 595 теңге баж салығын, соттағы өкіл қызметі үшін 15 000 теңге, бағалау шығыны 14 791 теңге, барлығы 190 859 теңге өндіруге шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




