Қазақты құртқан жалаң еліктеу деп екінің бірі айтады. Жалпы, еліктеу дегеніміз не? Еліктеген дұрыс па, бұрыс па? Еліктеудің ғылыми анықтамасында басқалардың мінез-құлқын өзіне көшіру үдерісі деп жазылған. Еліктеу – адамзатпен қатар туған, қанына сіңген әдет десем қателеспеспін. Еліктеушіліктің пайдалы және зиянды жағы да бар. Пайдалысы – жастар өзі үлгі тұтқан жанға, тұлғаға ұқсағысы келіп, алға ұмтылады. Зияны – еліктеймін деп өзіндік болмысын жоғалтады. Мысалы, кешегі Алпамыс батыр, ереуіл атқа ер салған Махамбет, артына өшпес мұра қалдырған Абай, оны әлемге танытқан Мұхтарға ұқсағысы келмеген жан жоқ шығар. Соларды үлгі тұтып, өзі де өзгелерге үлгі болғандар жаман болған жоқ. Ал кейбірі еліктеймін деп адасты. Әсіресе, жастар. Кеңестік идеология күйреп, Еуропаға «терезе» ашылғанда батысқа еліктеушілер көбейді. Шетелдіктердің өмір салтын ұстануды армандаушылар пайда болды. Қазір әрбір салада еңбек етіп жүрген еркін ойлы жаңа толқын жастар бар. Жас буынның талпынысы мемлекетшілдік рухты күшейтуде. Міне, солар солқылдақтық танытып, еліктеуге бой алдырмаса екен.
Мұхтар Жәмішжанов, студент.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді